«Ақсу» маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынында қарсыластарын анықтады

«Ақсу» маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынында қарсыластарын анықтады

Қазақстан чемпионатының жоғары дивизионында алғашқы маусымын өткізетін павлодарлық «Ақсу» маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынының күндерін анықтап, оның барысында үш сынақ матчын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, көк-қызылдардың маусым алдындағы дайындықтарының бірінші кезеңі 11 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиыны болады.

Осы уақытта «Ақсу» венгриялық «Шиофок» (15 қаңтар), Липецкінің «Металлург» (21 қаңтар) және солтүстік македониялық «Брегальница» (27 қаңтар) командаларымен бақылау матчтарын өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или