Вагнер Лав мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін
«Қайраттың» бразилиялық экс-шабуылшысы Вагнер Лавты «Химки» командасына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Спорт-Экспресс басылымы хабарлады.
Басылымның жазуынша, «Химкидің» бас директоры қызметіне келетін <span>Владимир Габулов бразилиялық футболшыны командасына шақыруды көздеп отыр.</span>
Айта кетейік, Вагнер Лав алматылық «Қайрат» сапында 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың қарашасына дейін өнер көрсетті. Қазақстан кубогінде «Шахтерге» қарсы өткен финалдық ойыннан кейін бразилиялық шабуылшы «Қайраттан» кететінін мәлімдеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или