Бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы өмірден озды
Маңғыстау облысында бокстан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ренальдо Мелкумов өмірден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Маңғыстауда бокс мектебінің негізін салушылардың бірі 23 желтоқсанда қайтыс болған.
- Ренальдо Мелкумов Маңғыстау бокс мектебінің алғашқы директоры, Кеңес үкіметі уақытында жоғарғы ұлттық категорияның төрешісі болды. Бұл орны толмас қайғы. Маңғыстау бокс федерациясы Ренальдо Ашотұлының жақындары мен туыстары көңіл айтады, – делінген федерация хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін футболдан еңбек сіңірген жаттықтырушы Виктор Ярышевтің қайтыс болғаны туралы хабарлаған едік. Жаттықтырушы 79 жасқа қараған шағында өмір озды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или