«Реал» шабуылшысы «Ромадан» кетеді

«Реал» шабуылшысы «Ромадан» кетеді

«Рома» футбол клубы «Реал Мадрид» шабуылшысы Борха Майоральмен келісімшартты мерзімнен бұрын бұзады, деп жазады Prosports.kz.

Ойыншымен 2020 жылы жазда екі жылға жарамды келісімшарт жасалған. Келісімде Борханы 20 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігі болған.

Бірақ клуб бұл құқығын пайдаланбауы мүмкін. «Романың» бас бапкері Жозе Моуриньо футболшыға сенім артпайтынын аңғартты. Ол биыл алаңда 246 минутқа ғана өнер көрсетті.

Дереккөздің айтуынша, Майоральді «Фиорентина» мен «Кристал Пэлас» қатарға қосуға ниетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или