«Челси» жастары УЕФА жасөспірімдер лигасының жеңімпазы

«Челси» жастары УЕФА жасөспірімдер лигасының жеңімпазы

Лондондық «Челси» клубының аяқдопшылары УЕФА жасөспірімдер лигасының финалында донецкілік «Шахтерді» ұтып, турнир жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Финалдық ойын Швейцарияның Ньон қаласында өтті. Ойындағы қорытынды есеп – 3:2. Жеңімпаздар сапынан команда капитаны Айзая Браун ойынның 7-ші және 55-ші минутында гол соғып, дубль жасады. «Челсидің» тағы бір голын 47-ші минутта Доминик Соланке соқты. Ал «Шахтер» сапынан 90-шы минутта Виктор Коваленко қарсылас қақпасының осал тұсын таба білді. Мачта автогол да тіркелді. «Көк жейделілердің» қорғаушысы Андреас Кристенсен 37-ші минутта өз қақпасына байқаусызда доп кіргізіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, ең алғашқы УЕФА жасөспірімдер лигасы 2013-2014 жылдары өткен болатын. Финалда каталондық «Барселона» португалдық «Бенфикамен» кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или