«Каспий» екі легионермен келісімшарт мерзімін ұзартады

«Каспий» екі легионермен келісімшарт мерзімін ұзартады

«Каспий» футбол клубы беларусь қорғаушысы Алексей Залеский мен франциялық жартылай қорғаушы Шафик Тигруджаны командада қалдырғысы келеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады. 

Ақатаулық клубтың басшылығы ойыншылармен келісімшарт мерзімін ұзарту үшін келіссөз жүргізіп жатыр.

Залеский мен Тигруджа «Каспийге» биыл ақпан айында ауысып келді. Беларусь қорғаушысы өткен маусымда барлық турнирде 28 ойынға қатысып, 5 гол соққан.

Шафик Тигруджа 30 матчқа қатысып, 3 гол соқты және үш нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или