«Астана» маусымға дайындығын бастайды

«Астана» маусымға дайындығын бастайды

«Астана» клубының бас бапкері Срджан Благоевич команданың баспасөз қызметіне берген сұхбатында жаттығу жиынын қашан бастайтындарын және жас ойыншыдарға мүмкіндік беретінін айтты.

«8 қаңтар күнінен біз Анталия қаласында маусымға дайындықты бастаймыз. Жиында 55 жаттығу мен 6-7 бақылау ойындарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Қарсыластар әлі анықталған жоқ. Белгілі болған кезде жариялаймыз. 25-нен кейін үш күн демаламяз, содан кейін екінші жиын басталады. 15 ақпанда біз Нұр-Сұлтанға ораламыз және туған қаламызда бір аптаға жуық жаттығамыз, содан кейін маусым Қазақстан Суперкубогімен басталады.

Әрине, қазір «Астана» тізімінде тұрған барлық жас ойыншылар бізбен екінші жиыннан өтеді. Мен осы тізімдегі әр ойыншыны көргім келеді. Олардың өздерін көрсетуге мүмкіндіктері бар. Барлығына мүмкіндік бергім келеді. Бір ойыншы болсын сенімді ақтайды деп үміттенемін», — деді Благоевич мырза.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или