Бокс

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec мәліметінше, Ислам рингке 21 қаңтарда оралуды жоспарлап отыр. Қарсыластың аты-жөні жарияланған жоқ. Жекпе-жек Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтеді және он раундқа есептеледі.

Еске сала кетейік, қазақстандық соңғы рет рингке биылғы жылдың ақпан айында шыққан болатын. Ислам эквадорлық Джейсон Миндуді (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, бүгін Қанат чемпиондық белбеуінен айырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер