Африка кубогы белгіленген мерзімде өтеді

Африка кубогы белгіленген мерзімде өтеді

Африка футбол конфедерациясының президенті Патрис Мотсепе Африка кубогы белгіленген мерзімде өтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«9 қаңтарда Камерун мен Буркина-Фасо арасындағы матчты көремін. Кубок тапсырылатын сәтті күтемін. Біз өз халқымыздың мүддесі үшін әрекет ететінімізге сенімді болуымыз керек. Футболды жақсы көреміз. Әлемнің басқа елдерімен – Еуропамен, Қытаймен, Америкамен жұмыс істегіміз келеді. Құрлығымызды дамытуға міндеттіміз. Африка футболын әлемдегі үздіктер қатарына қосуымыз қажет», - деп келтіреді Мотсепенің сөзін The Athletic басылымы.

Айта кетейік, бұған дейін Африка кубогы коронавирустың жаңа штаммына байланысты өтпей қалуы мүмкін екені хабарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или