Кавани «Манчестер Юнайтедте» маусымның соңына дейін қалады
«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Эдинсон Кавани командада 2022 жылдың жазына дейін қалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Daily Mail басылымының хабарлауынша, коронавирусқа байланысты манчестерлік клуб атақты шабуылшыны командада сақтап қалуды шешті. Каванимен келісімшарт 2021/22 жылғы маусымының соңында аяқталады.
«Барселона» қысқы трансферлік кезеңде уругвайлықты сатып алғысы келетіні хабарланды. Футболшының өзі де каталониялық клубқа ауысуға қарсы емес.
34 жастағы Кавани осы маусымда «Қызыл сойқандар» сапында сегіз ойынға қатысып, бір гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или