«Монаконың» екінші командасында гол соққан қазақстандық футболшы клубта қала ма?
Қазақстан жастар құрамасының 21 жастағы қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкен «Спорт Шредингера» Telegram-арнасына «Монаконың» дублінде өткен ойыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бастапқыда Димаштың қаралымдағы мерзімі 10 күн болуы керек еді. 5 күндік жаттығудан кейін бапкерлер оны бір айға қалдыруды ұйғарып, жолдастық кездесуге қатысуын өтінді. Бұл ойында ол 65 минут ойнап, гол соқты.
Димаш матчтан кейін үйіне қайтты. Қаралым туралы шешім әлі қабылданған жоқ. «Монакоға» Жаңа жылдан кейін оралуы мүмкін. Дубль 3 қаңтарға дейін демалыста», - деп жазады ресурс.
Қазақстанда Қашкен «Астана» мен «Қайсар» сапында ойнаған. Ал, өткен маусымда «Ақтөбе» сапында 11 матч өткізіп, чемпионаттың аяқталуына бірнеше ай қалғанда тараптардың өзара келісімі бойынша клубтан кетті.