Кирилл Шестаков: «Ақтөбені» жазалау керек еді»

«Ақтөбе» - «Қайсар» кездесуінде қақпамызға жойқын күшпен ұшқан допты бетпен тосып, құтқарып қалған Кирилл Шестаков ойыннан кейін матч туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Кирилл, тең есепті матчтың әділ қорытындысы деп айтуға бола ма?

- Әбден болады. Екі команда да бүгін жеңіс үшін барын салды. Қорғанысқа көбірек көңіл бөлгенімізбен біз де шабуылда қарап қалған жоқпыз. Тамаша шабуылдар ұйымдастырып, алаң иелерінің жанкүйерлерін бірнеше рет «аһ» ұрғыздық. Негізі, гол соғып, жазалауымыз керек еді.

- Демек, жеңіп кететін мүмкіндігіміз де болды ғой?!

- Әрине болды. Егер алғы шепте аздап сәттілік жолдас болғанда, онда Қызылордаға үш ұпаймен қайтар едік. Енді алдағы ойындарға дайындаламыз.

- Қорғаныста тамаша ойнағанымызбен алғы шепте ақсап жүрміз. Шабуылдағы проблеманы қалай шешеміз?

- Мен ешқандай проблема көріп тұрған жоқпыз. «Ақтөбемен» болған ойынның өзінде гол соғатын жүз пайыздық үш мүмкіндік ұйымдастырдық. Тек гол ғана жетпей тұр. Фарт керек.

- «Қайсарды» қолдауға Қызылордадан жүз шақты жанкүйер келді. Олардың қолдаулары естіліп жатты ма?

- Иә, қолдауларын сезіндік. Он жеті сағаттық жерден ат арылтып келген жанкүйерлерімізге алғысымыз шексіз. Тіпті, стадион толы «Ақтөбенің» жанкүйерлерін де өз дауыстарымен басып кетті.

Дереккөз: fckaysar.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или