Кристиан Эриксенге төрт клуб қызығушылық танытып отыр

Кристиан Эриксенге төрт клуб қызығушылық танытып отыр

Жартылай қорғаушы Кристиан Эриксеннің агенті Мартин Шутс даниялық футболшыға төрт клуб қызығушылық танытып отырғанын айтты, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>тілшісі<span> </span>football-italia сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін хавбек «Интер» сапынан кеткен болатын, себебі А сериясында дефибриллятормен ойнауға тыйым салынған.

«Кристианның жағдайы жақсы, физикалық тесттер жақсы нәтиже көрсетті. Сондықтан армандауға және үміттенуге әлі де болады. 

Кристианның жағдайы туралы ақпарат сұраған төрт клуб бар. Оның ішінде даниялық команда да бар<span>», — деді Шутс.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или