Алтыншы турда 16 гол соғылды

Алтыншы турда 16 гол соғылды

Қазақстан чемпионатының алтыншы турында гол көп болды: 16 гол сол соғылды. Тек «Ақтөбе» мен «Қайсар» арасында ғана есеп ашылмады.

Орталық кездесу Шымкентте өтті. Оңтүстікке бұл жолы турнир көшбасшысы «Қайрат» қонаққа келді. Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Алматы командасын соңғы минуттан жеңілістен құтқарып қалған сербиялық қорғаушы Жарко Маркович болды. Владимир Вайсс шәкірттері турнир кестесіндегі бірінші орынды сақтап қалды. Бірақ ізін қуып келе жатқан командалардан бір ойын артық өткізген.

«Қайрат» шабуылшысы Жерар Гоу кездесу басында пенальтиді сәтті орындап, гол санын жетіге жеткізді. Қазір ол мергендер көшін бастап келеді.

Ал «Ордабасы» шабуылшысы Дәуренбек Тәжімбетов Қазақстан чемпионатындағы 50-шы голын соқты.

Ел чемпионы «Астана» жаңа маусымда алғаш рет жеңілді. Стойлов шәкірттері Таразда алаң иелеріне еш қауқар көрсете алмады. Жергілікті футболшылар әр таймда бір-бір голдан енгізіп, 2:0 есебімен басым түсті. Гол авторлары – тәжірибелі Александр Пищур мен Эдуард Сергиенко.

Елорда командасы соңғы үш ойын бойы жеңіске жете алмай келеді. Осы кездесуде «Астана» сапынан екі футболшы жаңа маусымдағы алғашқы ойындарын өткізді. Олар: қорғаушы Біржан Құлыбеков пен жартылай қорғаушы Владислав Мендібаев.

Евгений Яровенко жаттықтыратын «Тараз» өз алаңында атынан ат үркетін командалардан ұпай олжалай бастады. Өткен турлардың бірінде «Қайратты» жеңген еді. Ендігісі мынау, «Астананы» жүрістен жаңылдырды.

Құрамы жаңарған «Ертіс» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Аристид Бансенің дублі ме Изу Азуканың бір голы Кереку командасына үш ұпай әкелді. «Оқжетпеспен» болған матч 3:1 есебімен аяқталды. Көкшетау командасынан бір голды Виталий Волков соқты.

Статистика бойынша «Ертіс» үшін «Оқжетпес» өте ыңғайлы қарсылас. Бұған дейін өткен 32 кездесудің 26-сында еліміздің бес дүркін чемпиондары басым түскен.

Алғашқы 4 турда 9 ұпай жинаған «Оқжетпес» соңғы екі матчта жеңілуге мәжбүр болды.

17 матч бойы жеңіске жетпеген «Шахтер» сол жағымсыз серияны бұзып, жанкүйерлерін желпіндіріп тастады.

Осы турдың алдында клуб директоры Нұрғазы Жарылғапов қызметінен кеткен болатын. Бұл қызметті уақытша Игорь Солошенко атқаратын болды.

Қарағанды командасы алтыншы турда өз алаңында «Жетісуді» қабылдады. Кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Жеңіс голын 91-минутта Роман Мұртазаев соқты. Бұл матчтың қорытындысы бойынша «Шахтер» мен «Жетісу» турнир кестесіндегі орындарын ауыстырды. Алғашқысы 11-ші орынға көтерілсе, Талдықорған командасы соңғы орынға түсіп қалды.

Еліміздегі аса танымал командаларының бірі «Ақтөбе» гол соғуды ұмытқан сыңайлы. В.Газзаев шәкірттері қатысқан соңғы үш матч 0:0 есебімен аяқталды. Бұл жолы өз алаңдарында «Қайсармен» ұпай бөлісті. «Қайсарда» есеп ашылмаған матч саны төртеуге дейін жетті.

Екі команда да бұл маусымда екі-ақ гол соқты. Осы турдың алдында облыс әкімімен кездескен «Ақтөбе» футболшылары жаңа маусымда жоғары нәтижеге қол жеткізуге ниеттеніп отыр. Мұндай үлкен мақсаттың жолы қалай болатынын уақыт көрсете жатар. Бірақ мына ойынмен ұзаққа шаппайтыны анық. Сондықтан бас бапкерге ертерек қимылдаған дұрыс секілді.

Ал Қостанайдың «Тобылы» өз ойындарын енді таба бастаған секілді. Бұл жолы олар сырт алаңда «Атырауды» жеңді. Нәтижесінде турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді.

6-тур

«Тараз» – «Астана» – 2:0

Голдар: Пищур, 27 (1:0). Сергиенко, 67 (2:0).

«Ордабасы» – «Қайрат» – 2:2

Голдар: Гоу,15 (0:1). Малый, 30 (1:1), Тәжімбетов, 42 (2:1). Маркович, 90 (2:2).

«Ертіс» – «Оқжетпес» – 3:1

Голдар: Волков, 6 (0:1). Бансе, 23 (1:1). Азука, 35 (2:1). Бансе, 52 (3:1).

«Атырау» – «Тобол» – 1:2

Голдар: Уче, 41 (0:1). Әржанов, 69 (1:1). Бугаев, 76 – пенальтиден (1:2).

«Шахтер» – «Жетісу» – 2:1

Голдар: Карпович, 27 (1:0). Деспотович, 44 (1:1). Муртазаев, 90+1 (2:1).

«Ақтөбе» – «Қайсар» – 0:0

Baq.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или