Педри мен Фати жасыл алаңға қашан оралады

Педри мен Фати жасыл алаңға қашан оралады

«Барселонаның» жартылай қорғаушылары Педри Гонсалес пен Ансу Фати жарақатынан қашан айығатыны белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Екі ойыншы жоспардағыдан әлдеқайда тез қалпына келуде. Егер жарақаттары осы қарында жазылса, олар «Мальоркаға» қарсы ойынға дейін қалпына келеді.

Осы маусымда Фати «Барселона» сапында барлық турнирде 8 матчқа қатысып, төрт гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Ал Педри каталониялық клуб сапында бар болғаны 4 кездесуге қатысты.

Айта кетейік, Майорка – Барселона матчы 2022 жылы 2 қаңтарда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или