Кристиан Эриксен «Интерден» кетеді

Кристиан Эриксен «Интерден» кетеді

Даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эриксен «Интермен» келісімшартын бұзады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы бірқатар инсайдер мәлім етті. Бұған 29 жастағы футболшының денсаулығы себеп болған. ЕУРО-2020 матчы кезінде Эриксеннің жүрегі тоқтап, кейін оған имплантты кардиовертер-дефибриллятор орнатылған еді. А сериясының тәртібі бойынша мұндай футболшылар алаңға шыға алмайды. 

«Ол Данияға, алғашқы клубы «Оденсеге» оралуы мүмкін. Алты апта бұрын ол туралы «Аякс» та ақпарат сұраған», - деді журналист Николо Скрира. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или