«Қуаныш пен өкініш арасын қас қағым сәт бөліп тұрды». Григорий Лория маусымды қорытындылады
«Қызыл-Жардың» президенті Григорий Лория Prosports.kz тілшісі Владимир Жарковқа берген сұхбатында маусымды қорытындылап, Петропавл футболының дамуы туралы айтып берді.
- Маусымның соңғы матчында «Ордабасыны» жеңген соң қандай сезімде болдыңыз?
- Маусымның соңы жүйкені тоздырғаны рас! Өйткені біз чемпионат аяқталмас бұрын төртінші орын иеленер едік, бірақ өз алаңымызда «Тұранға» есе жібердік. Өкінішке қарай, әркез ойлағаныңдай бола бермейді. Бірақ мен әр ойында жеңіске жеткім келеді. Одан басқа мақсат жоқ.

«Ордабасыға» қарсы матч эмоцияға толы болды. Одан кейін ұзақ уақыт өзіме келе алмадым. Қуаныш пен өкініш арасынан қас қағым сәт бөліп тұрды. Стадионға келген жанкүйерлер болса біз чемпион болғандай қуанды. Петропавл үшін төртінші орын - үлкен жеңіс.

- Маусым басында «Қызыл-Жарға» қандай мақсат қойылды? Еурокубок жайлы ойладыңыздар ма?
- Ерсіз көрінгім келмейді, бірақ ойлағанымыз еурокубок болды. Маусым басталмас бұрын команданы жасақтауда проблема болды. Сосын жеңіліске көп ұшырадық. Бірақ мен дұрыс жолда келе жатқанымызды көрдім. Маусым басталарда жігіттермен сөйлесіп, еурокубокқа жолдама алу үшін өзімізді қай қырымыздан көрсеткеніміз дұрыс болатынын сұрадым. Әңгіме барысында бәріне дайын екенімізді, мені қолдайтынын түсіндім.

Өз алаңымызда болмаған жерден 12-13 ұпайды жоғалттық. Егер сәтсіздікке ұшырамағанда қай орында аяқтайтымызды тек армандаймыз. Біз чемпионаттың абсым бөлігін үш мықты шабуылшымызсыз өткіздік. Бірақ жігіттер қолдарынан келгенді істеді, оларға рахмет!
- Дегенмен «Астананы» сан соқтырып, «Қайраттан» ұпай тартып алдыңыздар.
- «Астананы» жеңу - «Қызыл-Жар» үшін бөлек тарих. Иә, олар көшбасындағы орнын беріп қойды, бірақ, қалай дейді... I'm sorry. «Қайратты» жай жіберген жоқпыз, жеңуіміз керек еді.

- 20 жылдан соң Петропавлда футбол әлемі қайта оянды деуге келе ме?
- Әрине! Қазір қалада жай жүру мүмкін емес. Бәрі келіп рахметін айтып, еурокубок туралы сұрайды.
- Қала Конференция лигасына дайын ба?
- Әрине, дайын! Алыс аймақтан халықаралық рейстерді қабылдайтын заманауи әуежай орналасқан. Бірнеше тамаша қонақүйлер бар. Сондықтан инфроқұрылым жағынан сұрақ болмауы керек.
- Стадион ше?
- «Қарасай» стадионын қайта жөндеу жұмысы қызып жатыр. Конференция лигасының алғашқы матчына дейін жөндеу жұмысы аяқталып, стадион дайын болуы керек.
