Алматыда футболдан Ұлттық студенттік лига ойындары басталды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ стадионының спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтың қатысуымен «Көктем-Күз 2015» футболдан Ұлттық студенттік лига ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен елімізде бұқаралық спорт пен ірі спорттық жарыстарға көп көңіл бөлініп келеді.

Өткен жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы футбол Федерациясы арасында білім беру ұйымдарында футболды дамыту жөнінде өзара Меморандум жасалды.

2014 жылы футболдан Ұлттық студенттік лигаға Астана және Алматы қалаларының жоғары оқу орындарының командалары қатысса, биыл олардың қатарына Қарағанды және Шымкент қалаларының жоғары оқу орындарының командалары қосылды. Бұл Ұлттық студенттік лига дәрежесінің өскендігінің айқын дәлелі.

Көктемгі Ұлттық студенгттік лига турнирі Астана және Қарағанды қалаларында өткізіліп, Шымкент қаласында аяқталады.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или