«Барселона» шабуылшысы Серхио Агуэро карьерасын аяқтады
«Барселона» шабуылшысы Серхио Агуэро баспасөз мәслихатында кәсіби карьерасын аяқтайтыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Чемпионат сайтына сілтеме жасап.
Аргентиналықтың мұндай шешімге келуіне жүрек ақауы себеп болған. Баспасөз мәслихаты кезінде Агуэро ұзақ уақыт көз жасын тыя алмады.
Естеріңізге сала кетейік, шабуылшы «Алавеске» (1:1) қарсы матчтың бірінші таймында тахикардияға байланысты ауыстырылған болатын. Матчтан кейін Агуэроның жағдайы жақсы екені хабарланды. Кейінірек форвардтың жүрек ақауына байланысты кемінде үш ай алаңға шықпайтыны белгілі болды.
Агуэро Барселонаға осы жылдың шілде айында ауысқан болатын. Футболшы каталондық клубқа «Манчестер Ситиден» еркін агент ретінде ауысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или