«Адамдар өз қателіктерін мойындай алмайды». Андрей Тихонов Қазақстандағы екі жылдық шеттетілу туралы
«Астананың» бұрынғы бас бапкері Андрей Тихонов Қазақстандағы екі жылдық шеттетілуі бір жылға қысқарғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі sport24.ru сайтына сілтеме жасап.
Қазанда Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан чемпионаты 25-турында «Қайратқа» қарсы өткен ойында (0:1) ресейлік маман өз командасын алаңнан алып кеткені үшін Тихоновты екі жылға ұйымның жарыстарынан шеттеткен. Бірақ бірнеше минуттан кейін команда алаңға қайта оралып, ойын жалғасқан болатын.

«Менің шеттетілу мерзімім бір жылға дейін қысқарды. Адамдар өз қатесін мойындай алмайды, өйткені шеттетілудің жойылуы олардың қателескенін білдіреді. Сондықтан олар оны екі жылдан бір жылға дейін сенімді түрде қысқартты», - деді Тихонов «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында.
51 жастағы маман бапкерлік қызметке қашан оралатынын білмеді, бірақ ол ұсыныстарды қарастыруға дайын: «Егер клуб пайда болса, қуана кірісемін».