«Тараз» қорғаушысына «Шахтер» мен «Ақсу» қызығушылық танытып отыр
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Тараз» қорғаушысы Фейт Фрайдей Обилор мансабын ҚПЛ-дың басқа клубында жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.
29 жастағы нигериялық биылғы маусымда ҚПЛ-да 24 матчқа қатысып, екі гол соқты. Оның сенімді ойыны бірнеше команданың назарын аударды.Обилор «Шахтер» мен «Ақсудан» маңызды ұсыныс алды.
Обилордың өзі қаржылық тұрғыда тұрақты клубқа ауысқысы келеді. Ойыншы «Тараздан» жалақы үнемі кешігіп берілетіндіктен кеткелі отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или