Евгений Шикавка «Шахтерден» кетті
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, шабуылшы Евгений Шикавка қарағандылық «Шахтер» сапынан кетті.
«Кеншілердің» басшылығы 29 жастағы беларусьтік ойыншымен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.
БАТЭ футбол клубының түлегі «Шахтерге» шілде айында қосылды. Қарағандылық команда сапында ол барлық турнирде 15 кездесуге қатысып, екі гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или