«Атырауды» қазақстандық маман жаттықтырады

«Атырауды» қазақстандық маман жаттықтырады

«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметін қазақстандық маман Константин Горовенко атқарады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады

- <span>Ресми: Константин Горовенко - «Атыраудың» жаңа бас бапкері. Сондай-ақ, жаттықтырушылар құрамына Юрий Новиков – қақпашылар бапкерi, Денис Мамонов – бас бапкердің көмекшісі ретiнде кірді. </span><span>Жақын арада біз жаңа спорт директорды таныстырамыз, - делінген ресми хабарламада.</span>

Айта кетейік, 43 жастағы маман бапкерлік мансабын 2010 жылы «Сұңқар» футбол клубы бас бапкерінің көмекшісі ретінде бастады. Қаскелеңдік клубта 3 маусым еңбек етті. Осыдан кейін алматылық «Қайраттың» академиясына ауысып, «Қайрат-1998» командасының бас бапкері болды.

2015 жылы «Қайрат» бас бапкерінің көмекшісі болды. Ал 2017 жылы Бірінші лигада бақ сынайтын «Қайрат А» командасының тізгінін ұстады. Және алғашқы маусымның өзінде чемпионаттың қола жүлдегері атанды. 2018 жылдың қаңтарында талдықорғандық «Жетісу-Б» командасының бас бапкері болды. 

2020 жылы қарағандылық «Шахтерді» жаттықтырды. Ал 2021 жылғы маусымда Бірінші лигада бақ сынайтын «Мақтаралдың» бас бапкері болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или