«Барселонаның» негізгі қақпашысы «Баварияға» ауысуы мүмкін

«Барселонаның» негізгі қақпашысы «Баварияға» ауысуы мүмкін

«Бавария» футбол клубы «Барселона» қақпашысы Марк-Андре тер Штегенді сатып алу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, Германия чемпионы келесі жазда ойыншыға ұсыныс жасайды. Тер Штегеннің «Барселонамен» келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды.

Айта кетейік, «Баварияның» қазіргі қақпашысы Мануэль Нойермен келісімшарты 2023 жылдың жазында аяқталады.

«Барселона» қаржылық жағдайының қиындығына байланысты неміс клубының ұсынысына келісуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или