Еуропа лигасы 1/16 финалына жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы

Еуропа лигасы 1/16 финалына жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы

13 желтоқсанда УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде 2021/2022 жылғы Еуропа лигасы 1/16 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің осы кезеңінде 16 команда ойнайды: Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі екінші орынға ие болған 8 команда (еленгендер) және УЕФА Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде үшінші орын алған сегіз клуб (еленбегендер).

Еленгендер: «Бетис» (Испания), «Брага» (Португалия), «Динамо» (Загреб, Хорватия), «Лацио» (Рим, Италия), «Наполи» (Италия), «Олимпиакос» (Грекия), «Реал Сосьедад» (Испания), «Рейнджерс» (Шотландия)

Еленбегендер: «Аталанта» (Италия), «Барселона» (Испания), «Боруссия» (Дортмунд, Германия), «Зенит» (Санкт-Петербург, Ресей), «Порту» (Португалия), «РБ Лейпциг» (Германия), «Севилья» (Испания), «Шериф» (Тирасполь, Молдова).

1/16 финалда бір ұлттық қауымдастықтың командалары кездесе алмайды. Бұл кезеңнің матчтары 17 және 24 ақпанда өтеді.

Еуропа лигасы 1/16 финалына жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталады және келесі сілтемелер арқылы көруге болады: 1 СІЛТЕМЕ (Qazsport телеарнасы) және 2 СІЛТЕМЕ (УЕФА сайты)

Фото uefa.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или