Конференциялар лигасы 1/16 финалына жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы

Конференциялар лигасы 1/16 финалына жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы

13 желтоқсанда УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде 2021/2022 жылғы Конференциялар лигасы 1/16 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің осы кезеңінде 16 команда ойнайды: Конференциялар лигасы топтық кезеңінде екінші орын алған сегіз команда (еленгендер) және Еуропа лигасы топтық кезеңінде үшінші орын алған сегіз клуб (еленбегендер).

Еленгендер: «Буде-Глимт» (Норвегия), «Карабах» (Әзербайжан), «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль), ПАОК (Грекия), «Партизан» (Сербия), «Раннерс» (Дания), «Славия» (Прага, Чехия), G тобының екінші командасы (кейінірек анықталады).

Еленбегендер: «Лестер» (Англия), «Мидтьюлланн» (Дания), «Олимпик» (Марсель, Франция), ПСВ (Эйндховен, Нидерланды), «Рапид» (Вена, Австрия), «Селтик» (Шотландия), «Спарта» (Прага, Чехия), «Фенербахче» (Түркия).

1/16 финалда бір ұлттық қауымдастықтың командалары кездесе алмайды. Бұл кезеңнің матчтары 17 және 24 ақпанда өтеді.

Конференциялар лигасы 1/16 финалына жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де басталады және келесі сілтемелер арқылы көруге болады: 1 СІЛТЕМЕ (Qazsport телеарнасы) және 2 СІЛТЕМЕ (УЕФА сайты).

Фото uefa.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или