«Хаким Зиеш Қазақстан туралы сұраса, тек жақсы жақтарын айтамын»
«Тұран» шабуылшысы Самир Фазли Prosports.kz тілшісі Владимир Жарковқа сұхбат беріп, бұрын біздің ел туралы ештеңе білмегенін, бірақ тез бейімделіп кеткенін айтты.
- Самир, «Тұранға» тамыз айында ғана келдіңіз, бірақ бірінші матчта гол соғып, бірден көзге түсіңіз. ҚПЛ-да өткізген уақытты қалай бағалайсыз?
- 30 тамызда келдім, бірақ бірінші матчты қыркүйекте өткіздім. Маған мұнда бәрі ұнады, бәрі керемет! Команда, адамдар, ел - бәрі өте тамаша.
– Команда сапында бар болғаны бес матч өткіздіңіз. Қазақстан Премьер-лигасы қандай екенін түсіне алдыңыз ба?
- Басында кішкене белгісіз тұстары болды. Бірақ қазір Қазақстанда жаттығу барысы қалай өтеді, матчқа қалай дайындалады бәрін анық біле бастадым.
Мен тәжірибелі футболшымын, жасым 30-да. Меннен не талап етілетінін және не істеу керектігін бірден білідм (күлді).

- Бұрын біздің футбол туралы не білетін едіңіз?
- Жоқ, мен ештеңе естіген емеспін. Бірақ бейімделуіме Қазақстанда көптен бері ойнап жүрген сербиялық Милан Стоянович көмектесті. Сондай-ақ, өзге де македониялық ойыншылар - Давид Атанаскоски («Шахтер» қорғаушысы - Prosports.kz) мен Алекса Амановичтен («Тобыл» қорғаушысы - Prosports.kz) сұрадым. Олар маған ҚПЛ-да футбол өте тартысты екенін, физикалық тұрғыда өте жақсы дайындалу керек екенін айтты.
- Қазақстанда жалғасты өнер көрсеткіңіз келе ме?
- Иә, әрине. «Тұран» басшылығымен жаңа келісімшарт туралы келіссөз жүргіземіз. Маған Қазақстан қатты ұнады.
- «Челсидің» жұлдызы Хаким Зиешпен жақсы араласатыныңыз рас па?
- Иә. Онымен голландиялық «Херенвен» командасында бірге доп тептік.

Хаким Зиеш «Херенвен» сапында доп тепкен
- Онымен қазір хабарласып тұрасыз ба?
- Аса жиі емес. Бірнеше айда хабарлама алмасамыз немесе сөйлесеміз.
- Онымен кездескен кезде «Тұран», ҚПЛ, Қазақстан туралы не айтасыз?
- Тек ең жақсы жақтарын айтамын.
– Сіз қазақстандық жас футболшылардың Еуропаға аяқ басуына көмектесіп жүр деп естідім?
- Рас (күледі). «Тұранда» Нұрғайни Бөрібаев деген жігіт бар – маған оның ойыны қатты ұнайды. Еуропада өзін көрсетуі әбден мүмкін. Мүмкіндік болса оған неге көмектеспеске? Егер оған пайдам тисе, қуанар едім. Дарынды футболшылар өсуі, дамуы керек.