«Ақтөбе» - «Қайсар» ойынында есеп ашылмады

ҚПЛ-дың 6-шы турында «Ақтөбе» мен «Қайсар» тең тарқасты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Онсызда жанкүйерлер мен облыс басшылығының қаһарына ұшыраған Газзаев шәкірттері бұл жолы да жеңістің тәтті дәмін көре алмады.

90 минут бойы қос ұжым бір-бірінің қақпасын аңдумен болды. Бірен-саран өткір шабуылдар болғанымен, «Қайсар» қорғаныста мығым ойнады. Газзаевтың шәкірттері шабуылда қанша нәтиже шығаруға тырысқанымен қонақтар оларға мүмкіндік бермеді. Қызылордалықтар қарсы шабуылда ойнаса, «Ақтөбе» ойыншылары допты көп ұстап, комбинациялық ойын өрнегін көрсетті. Тең тарқастан екі команда жарыс кестесінде көршілес орналасқан: «Ақтөбе» - 5-ші, «Қайсар» - 6-шы.

Қазақстан чемпионаты.

«Ақтөбе» - «Қайсар» 0:0

«Ақтөбе»: Покатилов, Аделейе, Коробкин, Жулпа, Хайруллин, Неко, Тагыберген, Логвиненко, Сантана, Жалмұқан, Данило.

«Қайсар»: Прядкин, Кляйн, Балтаев, Цой, Розыбакиев, Мулдаров, Шестаков, Нехтий, Мұжықов, Струков, Юнузович.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или