«Қайрат» пен «Атыраудың» ойыншылары Ресей чемпионатына ауысады
«Қайраттың» қорғаушысы Камо Оганесян мен «Атыраудың» ойыншысы Соломон Удо мансабын Ресейде жалғастырады, деп хабарлайды армениялық журналист Грач Хачатрян.
«Армения құрамасының ойыншылары Камо Оганесян мен Соломон Удо Ресей Премьер-лигасының клубтарына қосылады (агент арқылы).
Екеуі де Қазақстанда ойнайды және жақын арада еркін агент атанады» – деп жазды армянлық журналис твиттер парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Раде Дугалич пен Дино Микановичтің «Қайраттан» кететіні туралы хабарланған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или