Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылар алдында себеттер құрамы анықталды
2021/2022 жылғы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылар алдында себеттер құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалдық жұптардың құрамын анықтау кезінде осы кезеңге қатысатын 16 команда екі себетке бөлінеді - «еленгендер» және «еленбегендер». «Еленгендер» қатарында өз топтарының жеңімпаздары болса, екінші орын алған командалар «еленбегендер» болады.
«Еленген» командалар: «Манчестер Сити» (Англия), «Ливерпуль» (Англия), «Аякс» (Нидерланды), «Реал» (Мадрид, Испания), «Бавария» (Мюнхен, Германия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Лилль» (Франция), «Ювентус» (Турин, Италия).
«Еленбеген» командалар: «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Атлетико» (Мадрид, Испания), «Спортинг» (Португалия), «Интер» (Милан, Италия), «Бенфика» (Португалия), «Вильярреал (Испания) немесе «Аталанта» (Италия), «Ред Булл Зальцбург» (Австрия), «Челси» (Лондон, Англия).
Плей-оффтың бірінші кезеңінде бір елдің командалары, сондай-ақ бір топта ойнаған командалар бір-бірімен кездесе алмайды.
Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі 13 желтоқсанда УЕФА-ның Ньон қаласындағы (Швейцария) штаб-пәтерінде өтеді, ол Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17:00-де басталады.
<span>Фото uefa.com</span>