Дарабаев «Астанаға» ауысуы мүмкін

Дарабаев «Астанаға» ауысуы мүмкін

Қазақстан ұлттық құрамасының және ақтаулық «Каспийдің» 32 жастағы жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев бас бапкер Срджан Благоевичтен кейін елордалық «Астанаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Дарабаев Благоевич тізгінін ұстаған «Каспийдің» негізгі құрамынан ойып тұрып орын алды. Благоевичтің жаттықтырушылар штабы астаналық клубтың ортаңғы шебін күшейту үшін Дарабаевты шақыруы мүмкін.

Аслан Дарабаев «Каспий» сапында Қазақстан чемпионатында 24 ойын өткізіп, 4 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Қазақстан кубогындағы жеті матчында бір гол соғып, екі нәтижелі паспен көзге түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или