Бензема «Атлетикомен» матчқа қатыспауы мүмкін

Бензема «Атлетикомен» матчқа қатыспауы мүмкін

«Реал Мадрид» шабуылшысы Карим Бензема Испания Ла лигасының 16-туры аясында өткен «Реал Сосьедадқа» қарсы ойында жарақат алып қалды, деп жазады Prosports.kz.

Дүйсенбі күні медицияналық тексерістен кейін ойыншының жарақаты аса ауыр емес екені анықталды. Бірақ ол бір апта емделуі керек. 

Демек Бенземаның Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы «Интермен» матчқа қатыспайтыны анық. Апта соңында өтетін «Атлетикоға» қарсы матчқа да қатыса алмауы мүмкін. 

Бірақ кейбір шетелдік басылым франциялық шабуылшының мадридтік дербиде алаңға шығатынын жазды. 

Айта кетейік, Бензема биыл Ла лигада 15 ойынға қатысып, 12 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или