Бірінші лиганың үздік сұрмергені «Ақсуда» қалады

Бірінші лиганың үздік сұрмергені «Ақсуда» қалады

Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Мирас Тұрлыбек «Ақсу» сапында жалғасты доп тебеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Биыл Премьер лигаға жолдама алған павлодарлық клуб көшбасшысын сақтап қалуды жоспарлап отыр.

Тұрлыбекке ҚПЛ командаларынан бірнеше ұсыныс түскен, бірақ ол «Ақсуда» қалуды шешті.

Өткен маусымда жас шабуылшы Бірінші лигада 21 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды. Сонымен қатар чемпионаттың үздік ойыншысы атағын да алды.

<h4>Бірінші лиганың үздік ойыншысы анықталды </h4> <h4>Бірінші лига аяқталды. Қорытынды нәтижелер</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или