«Шахтер» жаңа спорт директорын таныстырды
«Шахтер» футбол клубына жаңа спорт директоры тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы қарағандылық команданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Шахтер» футбол клубының спорт директоры болып Евгений Сергеевич Тарасов тағайындалды.
Евгений Тарасов – Қарағанды футбол мектебінің түлегі. «Шахтердің» негізгі құрамында 214 матч өткізіп, 8 гол соққан. «Кеншілер» сапында екі рет Қазақстан чемпионы, қола жүлдегер, Қазақстан кубогының жеңімпазы және ел Суперкубогының иегері атанды», - делінген клуб хабарламасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или