Роналду «Кристал Пэласті» жеңгеннен кейін пост жариялады

Роналду «Кристал Пэласті» жеңгеннен кейін пост жариялады

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду Англия Премьер-Лигасының 15-туры аясында қткен «Кристал Пэласпен» (1:0) матчтан кейін пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Ойындағы жалғыз голды Фред соқты. Ральф Рангник «қызыл сойқандардың» бас бапкері ретіндегі алғашқы кездесуін өткізді. 

- Бірқадам-бірқадаммен, біз — «Юнайтедпіз», - деп жазды Роналду инстаграм парақшасында.

Бұл жерде «Юнайтед» деген сөз екі түрлі мағына беріп тұр. Біріншісі команда атауы болса, екінші жағынан біртұтаспыз дегенді білдіріп отыр. 

Айта кетейік, «Манчестер Юнайтед» 15 ойында 24 ұпай жинап, АПЛ турнирлік кестесінде 6-орында тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или