«Ақсудың» бас бапкері қызметінен кетеді

«Ақсудың» бас бапкері қызметінен кетеді

«Ақсу» ФК бас бапкері Марат Еслямов қызметінен кететіні туралы жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Марат Еслямов еңбек келісімінің аяқталуына байланысты «Ақсу» футбол клубынан кетеді.

«Ақсу» футбол клубы Марат Жолдасұлына бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы карьерасында сәттілік тілейді.<br /><br />Бұл бапкер Бірінші лиганың алтын жүлделерін жеңіп алып, өз есімін клубымыздың тарихына мәңгілікке қалдырды.

Бапкерлер штабындағы алдағы барлық өзгерістер туралы қосымша хабарлаймыз», - делінген команданың хабарламасында.<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или