Владимир Муханов: «Қазақстанда сауатты бапкерлер көп»

«Оқжетпес» футбол клубының бас бапкері Владимир Муханов «PROСПОРТ» басылымына сұхбат беріп жоспарымен бөлісті.

– Владимир Васильевич, комада ішіндегі көңіл-күй қалай? Әңгімені осыдан бастасақ...

– «Қайраттан» ұтылғаннан кейін көңіл-күй түсіп кетті аздап. Қарымта шабуылдармен ойнап нәтиже шығарамыз деп жоспар құрған едік ойын алдында. Бірақ болмады. Енді қателіктерді түзеуге тырысамыз.

– «Оқжетпесті» жаттықтыруға бірден келісім бермедіңіз. Мұндай үлкен қадамға баруыңызға не себеп болды?

- Ақмола облысының әкімі Кулагин мырзадан ұсыныс түсті. Әу баста көп ойландым. Себебі, соның алдында ғана «қазақстандық футболдың шәкірті» туралы заңнама қабылданған. Елде әжептәуір доп тебетін ойыншылар саусақпен санарлық. Жастарға мүмкіндік беруге дайынбыз. Алайда кейбіреулері дайын емес болып шығады. Биік деңгейдегі футболшылар өте аз.

– «Оқжетпестің» ұсынысын қабылдағанда нендей жақсы қырларын қапеліңізде ұстадыңыз?

– Команданы қолға алғанда болашаққа жоспар құрып бағытымды айқындап аламын. Кулагин мырзаның бір іске шындап кіріссе соңына дейін жеткізетінін жақсы білемін. Сол себепті де шешім қабылдағанда ештеңеден қорықпадым. Мына нәрсе ойымда болды: «Егер, бұл кісі менен көмек сұраса, яғни сенім артады деген сөз».

– Қазіргі ойыншыларыңызға көңіліңіз толады ма?

– Құрамдағы ойыншыларына көңілі толатын бір де бір бапкер жоқ. Өте қысқа мерзім аралығында жасақталған команда ретінде қарастырсақ, бұл басқа әңгіме. Ең бастысы ерік-жігер, қайсарлықтарын байқатып жүр. Бұл да жақсы. Алдағы уақытта тағы «қосады» жігіттер. Бірақ қаншалықты екенін айта алмаймын.

– Дмитрий Сычевтың командаға келуі таң қалдырарық жаңалық болды. Қалайша келісті ол біздің елде ойнауға?

– Мен де таң қалдым бұл жайтқа. Бірақ Диманың соңғы жылдары ойын тәжірибесі аз болды. Бірде шарықтап біресе құлдилап құлайтын футболшы. Алан Прудников секілді агенттер хабарласып Диманы ұсынды. Біз қабыл алдық.

– Жаныңыз «қызылала» екенін білеміз. «Оқжетпес» те сондай жоғары деңгейдегі футболды қашан көрсетеді?

– Уақыт өте келе. Менің айтуым бойынша емес. Әлемдік футболдың бойына түзеліп. «Бавария», «Барселона» мен «Реалды» алып қарайық. Олар жанкүйер үшін ойнайды. Біз де осы қасиетті сіңіргенде жанкүйерлер садионға келе бастайды. Әрине, қарсыластың деңгейіне қарай да тактика құрып соны ұстануға тырысамыз. Бірақ алға жылу үшін осы бағытты ұстану керек.

– ҚПЛ-да шетелдік жаттықтырушылар көп, байқанған шығарсыз... Қазақстандық бапкерлердің олардан қай жері кем?

– Қазақстанда сауатты да білікті бапкерлер көп. Бұл командалардың басшыларына қойылатын сұрақ екен. Мысалы, Ресейде де бапкерлер қол қусырып бос жүр. Меніңше бұл уақытша дүние. Бастықтардың көзі жеткенде түсінеді мұны.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или