Қазақстандық шабуылшы ресейлік клубтан ресми түрде кетті
Калининградтық «Балтика» 28 жастағы қазақстандық шабуылшы Роман Муртазаевпен қоштасатынын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz ресейлік клубқа сілтеме жасап.
«Балтика» келесі ойыншылармен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу туралы келісімге келді: Виталий Денисов, Джамал Дибиргаджиев, Роман Муртазаев және Виталий Шахов. Ынтымақтастық үшін рақмет және әр ойыншының алдағы карьерасына сәттілік тілейміз», - деп жазады «Балтиканың» ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, Роман Мұртазаев «Балтикаға» «Астанадан» биыл шілде айының соңында ауысқан болатын. Осы уақыт ішінде ол Калининградтық клуб сапында 13 матч өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или