Саулюс Ширмялис: «Жаңа жүйе енгізілгеннен кейін жастарға сенім артылады»

Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Саулюс Ширмялис ел чемпионатының форматын өзгерту және командалардың санын 14 клубқа дейін кеңейту шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Бұл шешімнің оң және сол тұстары да бары. Бір жағынан, алтылыққа бөліну бапкерлердің қолын байламайды. Бүгін клубтың бапкерлеріне жүктелген міндет ауыр. Әрбір қателік үшін бірінші алтылыққа енбей қалуы ықтимал. Чемпионат форматын өзгерту тәуекелділікті азайтып, жергілікті жас футболшыларға көп сенім артуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл Қазақстан жастар құрамасына үміткер футболшылардың деңгейіне әсер етеді. Ал, қазіргі уақытта алаңға бір жас футболшыдан артық жібермеуге тырысады.

Қазақстан чемпионатында ойын саны азаяды, ал оның орнын басқа нәрсемен толықтыру керек. Алайда, жаттықтырушылар үшін толыққанды жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады. «Ордабасы» клубында жұмыс істегенде аптасына екі рет футбол ойнаған кездер болды. Оның үстіне қазақстандық футбол жүйесін ескеру керек. Алыс қашықтық пен ұзақ сапарлардан кейін жаттығу процессін жүргізу қиын», - дейді маман.

Еске сала кетейік, ел чемпионатының форматы келесі жылдан бастап өзгеруі тиіс. Бұл туралы ҚФФ Атқарушы комитетінің жиынынан кейін белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или