Левандовски «Алтын доп» жүлдесін табыстау рәсімінен кейін мәлімдеме жасады

Левандовски «Алтын доп» жүлдесін табыстау рәсімінен кейін мәлімдеме жасады

Польша құрамасы мен «Бавария» командасының шабуылшысы Роберт Левандовски 2021 жылғы «Алтын доп» жүлдесінің марапаттау рәсімінен кейін пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Биыл аталған жүлдені «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси алды. Ал Левандовский екінші орынға жайғасты.  

- «Алтын доп» алған Лео Месси мен Алексию Путельясты құттықтаймын! Барлық үміткерді құттықтаймыз! «Жыл шабуылшысы» жүлдесін жеңіп алдым. Ешбір ойыншы жеке жүлдені мықты команда мен адал жанкүйердің қолдауынсыз жеңе алмайды. Қолдауларыңыз үшін барлығыңызға рақмет!» - деп жазды Левандовски Twitter парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или