Месси «Алтын допты» жеңіп алғаннан кейін мәлімдеме жасады

Месси «Алтын допты» жеңіп алғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Пари Сен-Жермен» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2021 жылы «Алтын допты» алғаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен әрқашан командалық жетістіктерді бірінші орынға қойсам да, тағы бір «Алтын допты» алғанымнан қуанышымды жасыра алмаймын. Аргентина құрамасындағы барлық серіктестеріме біз өткізген тамаша жыл үшін алғыс айтып, құрмет көрсеткім келеді.

Сондай-ақ, Барселонадағы бұрынғы серіктестеріме және ПСЖ-дағы серіктестеріме алғыс айтамын. Әрине, отбасыма және достарыма, сондай-ақ мені қолдайтын, жанымда болатын, қамқор болып, күн сайын жақсаруыма көмектесетін барлық адамға үлкен рақмет: олардың бәрі болмаса, бұл мүмкін орындалмас еді. Сондай-ақ, керемет салтанат пен марапат үшін France Football-ға алғыс айтамыз», - деп жазды Месси Instagram парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или