«Манчестер Юнайтед» тізгінін неміс маманы ұстады

«Манчестер Юнайтед» тізгінін неміс маманы ұстады

«Манчестер Юнайтедтің» уақытша бас бапкері қызметіне неміс маманы Ральф Рангник тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы манчестерлік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

<span>63 жастағы маман МЮ-ді осы маусымның соңына дейін жаттықтырады. </span>

Қазір неміс маманы қажетті құжаттарды дайындап жатыр. Ол жұмыс визасын алғанша «Манчестер Юнайтедті» бас бапкердің міндетін атқарушы Майкл Кэррик басқарады. Ол және өзге де жаттықтырушылар клубта қалып, Рангниктің бапкерлер алғасына кіреді.

Бұған дейін Ральф мәскеулік «Локомотивтің» спорт және даму бөлімінің басшысы болған. 

«Манчестер Юнайтедті» бұған дейін Уле-Гуннар Сульшер жаттықтырды. Клуб онымен Премьер-лиганың 12-турында «Уотфордтан» 1:4 есебімен жеңілгеннен кейін қоштасты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или