«Қайрат» көш бастады

«Қайрат» көш бастады

Футболдан ел чемпионатының 7-ші турындағы ертерек уақытқа ауыстырылған «Қайрат» пен «Ертіс» матчы алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Қос команда да уақыт жібермей бірінші минуттан қарсыласының қорғанысынан саңлау табуға тырысты. Дегенмен алғашқы ұмтылыстардың бәрі де қақпашыларды ойынға араластыра алған жоқ. «Қайраттың» қапталдан асырылған пастары қауіптірек көрінген, бірақ бірінде Жерар Гоу, кейін Сито Риера допқа жете алмады. Уақыт өте Владимир Вайсстың шәкірттері  іске білек сыбана кірісіп, «Ертіс» ойыншыларын қорғанысқа тықсырып тастады.

Давид Лорияның қақпасына алғашқы соққы 24-минутта жасалды. Сол қанаттан әуелеген допқа Жерар Гоу бірінші жетіп, ойындағы алғашқы соққы голға айналды. Араға он минут салып Гоу есепті еселейтін мүмкіндікке ие болған, әйтсе де, Жерар тепкен доп қақпадан сәл ғана қиыс кетті. Командалар үзіліске кетер тұста ғана керекуліктер Владимир Плотников қорғаған қақпаға алғашқы соққысын жасады, бірақ Изу Азука тепкен доп қақпашының қолынан табылды. Көп ұзамай Азука тағы бір рет Плотниковтың шеберлігін сынап көрді, бұл жолы да голкипер сыр берген жоқ.

Екінші тайм Пірәлі Әлиевтің алыстан жасаған соққысымен басталды – қиыс. 57-ші минутта Жерар Гоу Лория қақпасынан екінші рет саңлау тапты. Алматылық жанкүйерлердің өкінішіне қарай, форвард ойыннан тыс қалған екен. Дмитрий Черышев шәкірттері үзілістен кейін шабуылда белсендірек ойнады. Бірақ қанша талпынғандарымен Плотников иелігіне дәл соққы жасай алмады. Тек 70-минутта Әлішер Сүлейдің тепкен добы қақпа бағанасына тиіп, кері серпілді. Бұл керекуліктердің ойындағы жалғыз қауіпті соққысы болатын.

81-минутта Гоу ортадан әдемі пас алып, сол аяғымен жақын бұрышты көздеген – тағы қиыс. Артынша Аслан Дарабаев тағы бір мүмкіндікті мүлт кетірді. Соңғы минуттарда ауыз толтырып айтарлықтай ештеңе болмады. Қорытынды есеп – 1:0.

Бұл жеңісінен кейін «Қайрат» 13 ұпай турнир кестесінің көш басына шықты. Ал «Ертіс» төрт ұпаймен 10-шы орында қалды.

«Қайрат» - «Ертіс» 1:0 (1:0)

Голдар: 1:0 – Гоу 24

«Қайрат»: Плотников, Рудосельский, Гурман, Маркович, Қуантаев (Дарабаев 72), Плиев, Бақаев, Исламхан, Исаэль (Лунин 90), Гоу, Риера.

«Ертіс»: Лория, Есімов, Граф, Чернышев, Самсонов, Әлиев, Гатагов, Азука, Нұрғалиев (Ерсәлімов 42), Сартаков (Сүлей 55), Аристайд.

Төрешілер: Д. Тевяшов (Орал), О. Богданов, Д. Советханұлы (екеуі де – Семей)

Ескерту алғандар: Риера 86 – Есімов 40, Граф 55

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или