ММА

Қайрат Ахметов Сингапурде жекпе-жек өткізеді

Қайрат Ахметов Сингапурде жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Қайрат Ахметовтің (24-2) келесі жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Бұл туралы спортшының өзі Instagram-парақшасында хабарлады. Қайрат Ахметов 17 желтоқсанда Сингапурде өтетін One Championship турнирінде октагонға шығады. Қарсыласы филиппиндік файтер Дэнни Кинганд болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, қос спортшы бұған дейін екі мәрте кездесуі қажет еді. Алайда екі рет те жекпе-жек түрлі себепке байланысты өтпей қалды. Қайрат Ахметов кейінгі жекпе-жегінде Корея өкілі Дай Хван Киммен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер