Роналду «Манчестер Юнайтед» - «Вильярреал» матчы туралы пікір білдірді

Роналду «Манчестер Юнайтед» - «Вильярреал» матчы туралы пікір білдірді

«Манчестер Юнайтед» футболшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясындағы «Вильярреалға» қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Вильярреалдағы <span>«Эстадио-де-ла-Керамика»</span> стадионында өткен ойында 2:0 есебімен қонақтар жеңіске жетті. Қос голды Криштиану Роналду және Джейдон Санчо соқты.

«Испанияда ойнау әрқашан тамаша, Испанияда жеңіске жету керемет, Испанияда гол соққан жақсы, мен өзімді ерекше сезінетін ел... Жігіттерді тамаша жеңіспен құттықтаймын. Біз <span>- «МЮ»,</span> осы клуб үшін күресуді ешқашан тоқтатпаймыз! Алға, қызыл сойқандар!» – деп жазды Роналду Instagram парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или