«Тараз» футбол клубына 500 мың теңге айыппұл салынды

«Тараз» футбол клубына 500 мың теңге айыппұл салынды

21 наурыз күні Қазақстан премьер-лигасы аясында «Тараз» және «Қайрат» футбол клубтары арасында өткен матчтан кейін тараздық клубқа жарты миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Кәсіпқой футбол лигасының сайтында жария етілді, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Тараз» клубының жанкүйерлері матч аяқталған соң заңсыз әрекет еткені («Қайрат» футболшылары мінген автобусқа тас атып, тәртіпсіздік жасағаны) үшін «Тараз» клубына 500 мың теңге айыппұл салынсын», деп жазылған КФЛ сайтында.

Айта кету керек, «Қайрат» клубының автобусына осымен екінші рет шабуыл жасалып отыр. 2012 жылдың тамызында Талдықорғанда алматылық команда мінген автобусқа бұзақылар шабуыл жасап, көліктің айналарын сындырған болатын. Ол кезде 600 мың теңге айыппұл салынған.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или