Моуриньо: Афена-Гьянге 800 еуро тұратын бутсы алып беремін

Моуриньо: Афена-Гьянге 800 еуро тұратын бутсы алып беремін

Италияның А сериясының 13-турында «Дженоа» өз алаңында «Ромадан» 0:2 есебімен жеңілді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында римдік команданың екі голын да 18 жастағы Феликс Афена-Гьян соқты. 

Ганалық жас шабуылшы кездесудің аяқталуына 15 минут қалғанда қосалқы құрамнан алаңға шығып, дубль жасады. 

Осы ойыннан кейін «Романың» бас бапкері Жозе Моуриньо жас ойыншыға бутсы алып беруге уәде бергенін айтты.

- Мен Гьянге ойында гол соқса, 800 еуроға бутсы алып беруге уәде еттім. Ол матчтан кейін осы уәдемді арнайы есіме салды. Енді сөзімде тұрып, ертең таңертең оған бутсы алып беремін, - деді Жозе.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или