«Астананың» 11 ойыншысы «Қайратқа» қарсы матчқа қатыспайды
Елордалық «Астананың» 11 негізгі ойыншысы алматылық «Қайратпен» болатын ойынға қатыспайды, деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
Қазақстан кубогінің жартылай финалы аясындағы Алматыдағы жауапты кездесуде Абзал Бейсебеков, Жарко Томашевич, Макс Эбонг, Лука Шимунович, Марк Гурман, Валерий Чуперка, Александр Заруцкий, Сағи Совет және Данил Подымский сынды ойыншылар ұлттық құрамада алған жарақаттары немесе талас-тартыс кезіндегі физикалық жүктемелердің кесірінен ойынға қатыса алмайды.
Ал Тигран Барсегян дисквалификацияның салдарынан ойнай алмайтын болса, Антонио Рукавина кәсіби мансабын аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или