Рамос ПСЖ сапындағы алғашқы ойынын қашан өткізеді
ПСЖ қорғаушысы Серхио Рамос Франция чемпионатының 14-туры аясында өтетін «Нантқа» қарсы матчқа қатысуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы L'Equipe хабарлайды.
35 жастағы испаниялық ойыншы үшін бұл оның ПСЖ сапындағы алғашқы кездесуі болмақ.
Айта кетейік, Рамос париждік клубқа биыл жазда еркін агент ретінде «Реал Мадридтен» ауысты. Бірақ жарақатына байланысты әлі алаңға шыққан жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или