Бауыржан Тұрысбек: «Шахтерге» қарсы кездесуде тек жеңіске жетуді ойлаймыз»

Қазақстан Премьер-Лигасының 5-ші турында талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында керекулік «Ертісті» қабылдап, тең түскен болатын. Осы ойын жайлы Бауыржан Тұрысбек өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ»

- Өз алаңдарыңызда өткен кездесуде жеңіске жету үшін не жетіспеді? Дегенмен де 2:0 ұтып тұр едіңіздер...

- Бірдеңе жетіспеді деп айта алмаймын. Біз 70 минут бойы жақсы ойын өрнегін көрсеттік, бірақ кездесу соңына қарай босаңсып кеттік. Қарсыласымыз соңғы 20 минутта белсендірек ойнап, есепті теңестірді.

- Сіз ойынға 80-ші минутта араластыңыз. Гол соғатын мүмкіндігіңіз болды ма?

- Жоқ, гол соғатындай мүмкіндігім болмады.

- Қазір жарыс кестесінде 11 орында келесіздер. Жағдайды түзеу үшін не істеу қажет?

- Алғашқы 4 турда бірде бір гол соға алмадық, ал соңғы ойында екі бірдей гол соқтық. Енді жолымыз болар деп ойлмаймын. Жеңістер келеді.

- Келесі ойынды сырт алаңда «Шахтерге» қарсы өткізесіздер. Сол ойыннан ге күтесіз?

- Әрине, тек жеңіске жету үшін ойнаймыз.

Естеріңзге сала кетейік, ел біріншілігінің 5-ші турында «Жетісу» Талдықорғанда «Ертіспен» 2:2 есебімен тең түсті. Бауыржан Тұрысбек алаңға ойын аяқталуына 10 минут қалғанда шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или